Талимус в мази — инструкция по применению

Инструкция по применению талимуса в мази, описание действия препарата, показания к применению мази талимуса, взаимодействие с другими лекарствами, применение талимуса (мазь) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Талимус
Международное название: Такролимус
Лекарственная форма: Мазь 0,03 %, 10 г.
Показания к применению:
Атс классификация:
D Дерматологические средства
D11 Прочие дерматологические препараты
D11A Прочие дерматологические препараты
D11A X Прочие дерматологические препараты
Фарм. группа:
Прочие препараты для лечения заболеваний кожи. Код АТС:D11АХ.
Условия хранения:
Хранить в защищенном от света, месте, при температуре не выше 30°С. Не замораживать. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не использовать после истечения срока хранения, указанного на упаковке.
Условия продажи: По рецепту.
Описание: Полупрозрачная однородная мазь.

Состав талимуса в мази

Активное вещество талимуса

1 г мази содержит: такролимус 0,3 мг.
1 г жақпамай құрамында: 0,3 мг такролимус.

Вспомогательные вещества в талимусе

1 г мази содержит: масло легкое вазелиновое, воск белый, парафин белый мягкий, гидроксианосол бутилированный.
1 г жақпамай құрамында: жеңіл вазелин майы, ақ балауыз, жұмсақ ақ парафин, бутилирленген гидроксианосол.

Показания к применению мази талимуса

атопический дерматит для кратковременной (в острый период) и длительной терапии в зависимости от признаков и симптомов (в дозировке 0,03%), при противопоказаниях связанных с повышенной чувствительностью к альтернативной терапии, к традиционным методам лечения ввиду высокого риска, или пациентам, у которых не наблюдалось эффективности лечения.
атопиялық дерматитте оның белгілері мен симптомдарына байланысты қысқа мерзімдік (жедел ағымды кезеңде) және ұзақ мерзімдік ем жүргізуге (0,03% дозада), альтернативті емге, қаупі жоғары болғандықтан дәстүрлі ем жүргізу әдістеріне сезімталдықтың жоғары болуына байланысты оларды қолдануға болмағанда, немесе емдеудің тиімділігі байқалмаған емделушілерге .

Противопоказания талимуса в мази

  • повышенная чувствительность к компонентам препарата
  • генетические дефекты эпидермального барьера, такие как синдром Нетертона, в связи с риском прогрессирующего увеличения системной абсорбции такролимуса
  • беременность и период лактации
  • детский возраст до 2 лет
  • препарат компоненттеріне сезімталдық жоғары болғанда
  • такролимустың жүйелік сіңуінің өршіп арту қаупіне байланысты, эпидермальды бөгелудің, мысалы Нетертон синдромы сияқты, генетикалық ақауларында
  • жүктілік және лактация кезеңінде
  • 2 жасқа дейінгі балаларға

Побочные действия мази талимуса

  • жжение, зуд, везикуло-буллезная сыпь, угревая сыпь, фолликулит
  • покалывание, гиперестезия, ощущение жжения на коже
  • симптомы подобные гриппу, головная боль, синусит
  • боль в спине
  • ветряная оспа, опоясывающий герпес
  • миалгии, артралгии
  • киста кожи
  • часто встречается непереносимость алкоголя во время лечения (покраснение лица или симптомы раздражения кожи после употребления спиртных напитков)
Редко:
  • кожная лимфома
  • күйдіру, қышу, везикуло-буллезді бөртпе, безеу бөрпесі, фолликулит
  • шаншу, гиперестезия, теріде күйдіру сезімі
  • тұмауға ұқсас белгілер, бас ауыру, синусит
  • арқаның ауыруы
  • желшешек, белдеулі ұшық
  • миалгиялар, артралгиялар
  • тері кистасы
  • емделу кезінде алкогольдің жақпауы жиі кездеседі (спирт ішімдіктерін қолданғаннан кейін беттің қызаруы немесе терінің тітіркену белгілері)
Сирек:
  • тері лимфомасы

Особые указания к применению

Для наружного применения. Не предназначена для применения в офтальмологии. Не наносить на слизистые оболочки рта и гениталий. У пациентов с атопическим дерматитом с сопутствующим герпесом (varicelliform, саркома Капоши), лечение мазью Талимус может увеличить риск развития инфекции ветряной оспы, герпетической инфекции, экземы. При герпетической инфекции следует оценить баланс выгод и рисков при применении Талимус.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не оказывает влияния.
Терінің сыртына қолдануға арналған. Офтальмологияда қолдануға арналмаған. Ауыздың және жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарына жақпау керек. Ұшық (varicelliform, Капоша саркомасы) қоса қабаттасқан атопиялық дерматиті бар емделушілерді Талимус жақпамайымен емдеу желшешек, ұшық жұқпаларының, экземаның даму қаупін арттыруы мүмкін. Ұшық жұқпасында Талимусты қолданған кездегі пайдасы мен қаупінің тепе-теңдігіне баға берген жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ықпалын тигізбейді.

Дозировка и способ применения

Взрослым и детям в возрасте старше 2 лет мазь наносят тонким слоем на пораженные участки кожи. Препарат можно применять на любые участки тела, в том числе лицо, шею и сгибательные поверхности. Не следует наносить препарат на слизистые оболочки.

Лечение пораженных участков кожи проводится до полного исчезновения проявлений атопического дерматита. Как правило, улучшение отмечается в течение первой недели лечения. Если признаков улучшения не отмечают в течение 2-х недель с момента начала применения мази, необходимо рассмотреть альтернативные варианты дальнейшего лечения. Мазь может применяться кратковременно или продолжительно в виде периодически повторяющихся курсов терапии. Лечение следует возобновлять при появлении первых признаков обострения атопического дерматита.

Взрослые и дети старше 2-х лет
Мазь необходимо наносить 2 раза в день тонким слоем на поврежденные участки кожи, до полного впитывания, в виде периодически повторяющихся курсов терапии. Лечение продолжать до очищения очагов поражения и затем продолжаться в течение 1-ой недели после исчезновения признаков. Не следует применять препарат под окклюзионные повязки.
Ересектерге және 2 жастан асқан балаларға жақпамайды терінің зақымданған жеріне жұқа етіп жағады. Препаратты дененің кез келген жеріне, оның ішінде бетке, мойынға және бүгілетін жерлерге қолдануға болады. Препаратты шырышты қабықтарға жақпаған жөн.

Терінің зақымданған жерлеріне атопиялық дерматиттің біліністері толық жойылғанша ем жүргізіледі. Әдеттегідей, емнің алғашқы аптасында жақсару байқалады. Егер жақсару белгілері жақпамайды қолдана бастаған сәттен бастап 2 апта ішінде білінбесе, әрі қарай емдеудің альтернативті варианттарын қарастыру қажет. Жақпамай қысқа мерзімге немесе емдеудің мезгіл-мезгіл қайталанатын курсы түрінде ұзағырақ қолданылуы мүмкін. Емдеуді атопиялық дерматиттің алғашқы асқыну белгілері білінген кезде жаңартқан жөн.

Ересектер және 2 жастан асқан балалар
Жақпамайды терінің зақымданған жеріне күніне 2 рет жұқа етіп, толық сіңгенше жағу қажет, емдеудің мезгіл-мезгіл қайталанатын курсы түрінде қолдануға болады. Емді зақымданған ошақ тазарғанша жалғастыру керек, содан кейін белгілері жоғалғаннан соң 1 апта бойы жалғастырады. Препаратты окклюзиялық таңғыш астына қолданбаған жөн.

Взаимодействие с лекарствами

Потенциальные взаимодействия мази Талимус с другими препаратами не проводились. Учитывая, что системная абсорбция Талимуса очень незначительная, какие-либо взаимодействия с препаратами для системного применения маловероятны. При одновременном применении ингибитора CYP3A4 у пациентов с эритродермией и эритромицина, итраконазола, кетоконозола, флуконазола, блокаторов кальциевых каналов, тагамета следует соблюдать осторожность.
Талимус жақпамайының басқа препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Талимустың жүйелік сіңуі өте мардымсыз екендігін ескерсек, оның жүйелік қолдануға арналған препараттармен қандай да бір өзара әрекеттесуі неғайбыл. Эритродермиясы бар емделушілерде CYP3A4 тежегіштерімен эритромицинді, итраконазолды, кетоконозолды, флуконазолды, кальций өзекшелерінің бөгегіштерін, тагаметті бір мезгілде қолданған кезде сақ болған жөн.

Передозировка талимусом в мази

Симптомы: тремор, головная боль, тошнота, рвота, крапивница. Лечение - симптоматическое.
Белгілері: діріл, бас ауыру, жүректің айнуы, құсу, есекжем. Емдеу - белгілеріне қарай

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Уровень абсорбции при наружном применении незначителен, после однократного или многократного использования мази Талимус максимальная концентрация в крови составляет 5-20 нанограмм/мл. Уровень бионакопления менее 0,5%. Уровень абсорбции через поврежденную кожу увеличивается в 7 раз.
Терінің сыртына қолданған кезде сіңу деңгейі мардымсыз, Талимус жақпамайын бір рет немесе бірнеше рет қолданғаннан кейін қанда ең жоғары концентрациясы 5-20 нанограмм/мл құрайды. Биожинақталу деңгейі 0,5%-дан аз. Зақымданған тері арқылы сіңу деңгейі 7 есе артады.

Фармакодинамика

Талимус селективно ингибирует продукцию и высвобождение цитокинов и медиаторов из Т-лимфоцитов и тучных клеток. Однако, было выявлено, что Талимус задерживает активацию Т-лимфоцитов, и в первую очередь связывает внутриклеточный белок (FKBP-12). Такролимус специфично связывается FKBP-12 и ингибирует кальцизависимую фосфатазу – кальциневрин. В результате, блокируя транскрипцию ранних цитокинов, Такролимус подавляет активацию Т-лимфоцитов. В частности, в наномолярных концентрациях ингибирует синтез IL-2, IL-3, IL-4, IL-5 в Т-лимфоцитах, которые кодируются как интерлейкин-2 (IL-2), интерлейкин -3 (IL-3), интерлейкин -4 (IL-4), интерлейкин -5 (IL-5), и других цитокинов, таких как гамма-интерферон, колониестимулирующий фактор гранулоцитов-макрофагов (GM-CSF).
Талимус цитокиндер мен медиаторлардың өндірілуін және Т-лимфоциттерден және толық жасушалардан босап шығуын іріктеп тежейді. Алайда Талимустың Т-лимфоциттердің белсенділенуін кідіртетіні, және де алдымен жасушаішілік ақуызды (FKBP-12) байланыстыратыны анықталды. Такролимус FKBP-12-мен ерекше байланысады және кальцийге тәуелді фосфатазаны – кальциневринді тежейді. Нәтижесінде ерте цитокиндердің транскрипциясын бөгей отырып, Такролимус Т-лимфоциттердің белсенділенуін басады. Атап айтқанда, интерлейкин-2 (IL-2), интерлейкин -3 (IL-3), интерлейкин -4 (IL-4), интерлейкин -5 (IL-5), және гамма-интерферон, гранулоциттер-макрофагтар (GM-CSF) колониясын ынталандыратын факторлар сияқты басқадай цитокиндер кодталатын Т-лимфоциттерде IL-2, IL-3, IL-4, IL-5 синтезін наномолярлы концентрацияларда тежейді.

Упаковка и форма выпуска

По 10 г мази в ламинированном тюбике. По 1 тюбику вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках в картонной коробке.
10 г жақпамай ламинирленген сықпада. 1 сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.